OY-DETOX қонағы - Эверест бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева. Анар - әлем бойынша осы уақытқа дейін Эверест шыңын бағындырған 800-ші, ал Қазақстаннан алғашқы әйел болып отыр. Эвересті бағындыру арманы мен алғашқы болудың салмағы туралы OY-DETOX төрінде сөйлестік.
Сондай-ақ, біз Анармен спорт пен альпинизмдегі әйелдердің үлес салмағы, еліміздегі скайранинг пен марафондар деңгейі, Эверестке дайындық және оны бағындыру сәті, қорқыныш пен үміт туралы сөйлестік.
Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/
Анар Бурашеваның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/anar_burasheva/
Бұл эпизод Kingston компаниясымен серіктестікте дайындалды. Kingston - жады карталарын, оперативті жады, SSD жинақтағыштарын шығаратын компания. Біз жұмысымызда былтырдан бері Kingston жинақтағыштарын пайдаланамыз және оның ауыр әрі көлемді файлдарды жылдам көшіру қабілетіне тәнтіміз. Әрі жеңілдігі де, ықшамдылығы да ұнайды. Компания туралы толығырақ Kingston сайтынан таныса аласыздар.
Сондай-ақ, шығарылым үшін жүргізушіге киім ұсынған GKost отандық брендіне алғыс білдіреміз. Қазақ тіліндегі подкастарды тыңдап, отандық бренд киімдерін қиіңіздер. Бренд киімдерін https://www.instagram.com/gkost_basic/ парақшасынан қарап, тапсырыс бере аласыздар. Инстаграм парақшасына жазылған OY-DETOX достарына 15% жеңілдік бар. Ол үшін Әйнел Әмірханның да парақшасына жазылған болу керек.