"Әжемнің әңгімесі" подкастының 2-эпизодында Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткендер туралы айтылады.
*Кузбастағы қазақ қыздары неге үш күннің ішінде ізім-ғайым жоғалып кетті?
*Товарный пойызға тиелген қазақтар қандай қиындықпен қызмет етті?
*Қызметтен қашып кеткендер қудалауға ұшырады ма, қалай тірі қалды?
Эпизодта осы сұрақтарға жауап беретін оқиғалар туралы тыңдай аласыз. Сондай-ақ, бұл эпизодта соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ ауылының тыныс-тіршілігі баяндалады.
- Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды.
- "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
Smart linkhttps://pc.st/e/9FkDtN6Gnhz
Auto-openhttps://pc.st/e/9FkDtN6Gnhz?a
Add podcast to the siteEmbed Podcast