"Қашықтан оқу мен сырттай оқу. Сапалы білім алу үшін не істеу керек?" атты эпизодта Дина әжемен қашықтан оқу туралы әңгімелесеміз.
- Қашықтан оқуға ұқсас оқу жүйесі бұрын болған ба?
- Дина әже немерелеріне қашықтан оқу кезінде қалай көмек көрсетті?
- Онлайн оқу білім сапасына қалай әсер етеді?
- Пандемия кезінде сапалы білімге қол жеткізу үшін не істеу керек?
Бүгінгі эпизодта осы сұрақтарға жауап беріп, Дина әже өзінің қырық жылдық ұстаздық тәжірибесімен бөліседі.
Олай болса, әженің әңгімесін бірге тыңдайық!
- Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды.
- "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз
Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
Link zur App-Listehttps://pc.st/e/6.MsTX.LRN_
Offizielle Homepagehttps://podcasters.spotify.com/pod/show/dana-maratova
Link zum Podcast im Apphttps://pc.st/e/6.MsTX.LRN_?a
den Podcast zur Webseite hinzufügenEmbed Podcast