8 Наурыз - Халықаралы әйелдер күні қарсаңында фембелсенділер Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Албанмен кездесіп, олардың гүл орнына неге митинг қалайтынын сұрадым. Жалпы, әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша? Бір айта кететіні, биылғы митинг болашағы белгісіз. Былтырдан бері фембелсенділер әкімдікке әйелдер шеруін өткізуге рұқсат алу үшін оннан астам өтінім жіберіпті, бірақ мерекеге санаулы күн қалса да әлі ала алмай келеді. Осы ретте, Айгерім және Мөлдірмен әкімдіктің шеруден қорқу себебі, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік, саясаттағы әйелдердің репрезентациясы мен миедиадағы феминистердің образы туралы біраз әңгіме өрбіттік. Көріп, тыңдап, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Таймкод: - аңдатпа - кіріспе, қонақтарды таныстыру - әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша? - жұмыс тобында қанша адам жұмыс істейді? - күрес VS мейрам. Күресудің қажеттілігі қанша? - Феминизм деген не? - Қазақстандағы феминизм портреті, шеру қатысушылары мен географиясы - биылғы шеру ұраны мен жағдайы - медиа алаңдағы репрезентация, саяси шешімдерге әсер ету мүмкіндігі, өнер адамдары мен депутаттармен жұмыс - феминизм туралы ақпарат беретін кино, кітап, медиа тізімі Эпизодты YouTube арнамнан тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw 8Marchkz инстаграмы - https://www.instagram.com/8marchkz?igsh=MXR4bWxvaGM3azlreg== Айгерім Құсайынқызының инстаграмы - https://www.instagram.com/kussaiynkyzy?igsh=dGR0NjBsank1MTd3 Мөлдір Албанның инстаграмы - https://www.instagram.com/moldiralban?igsh=MTdxOW5ibGlzeGR3 Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel