podcast

Әлеуметтік жады. Әулет тарихын зерттейтін әдістемелер. Қазақстан және шетелдік тәжірибиелер.

18.07.2023
Listen to the episode on your favorite platforms:
  • Apple Podcasts
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы – әлеуметтану ғылымының докторанты Алмаш Айқынбайқызы. Бұл эпизодта біз қонағымызбен «әлеуметтік жады» ұғымы, отбасы тарихының ғылымда зерттелуі мен фамилистика, қоғамдағы трансформациялардың отбасы тарихында көрініс табуы және oral history-дің мәні, сондай-ақ шежіренің бүгінгі таңда функциясының өзгеруі һәм қазақ қоғамында әулетке қатысты әлі де зерттелмеген жайттардың бар екендігі, травмалық тарихи оқиғалар мен билік тарапынан тыйым салынған табу тақырыптарға қайта оралу, тарихи оқиғаны зерттеуде объективті және субъективті көзқарастардың болуы, ұрпақтар арасындағы шиеленіс, әулет тарихын зерттеудің жолдары мен отбасылық альбомдардың маңызы секілді тақырыптарда ой бөлісіп, пікір алмастық. Сонымен қатар әулет тарихын зерттеу мемлекет үшін неге басты саяси бағдарлардың бірі болуы қажет екеніне де тоқталып, түйінді мәселелердің күрмеуін шешуге талпындық. Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған. CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.