podcast

1. "Бәрі өлді. Мен ғана тірі қалдым" - Соғыс пен ашаршылық туралы әңгіме

02.10.2020
Listen to the episode on your favorite platforms:
  • Apple Podcasts
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

1-эпизодта Дина әже қандай заманда өмірге келгенін айтады. Біз жыл сайын туған күнімізді асыға күтіп, дүркіретіп тойлаймыз. Ал менің әжем өзінің нақты қай күні туғанын білмейді. Оның замандастары да "Алғашқы қар түскенде, бидай піскенде, күн жауған күні" деген белгісіз күннің бірінде туған. 

Әжемнің айтуынша, 7-8 ағайынды болыпты. Қанша аға-әпкесі болғанын нақты білмейді. Себебі әжеме дейінгі балалардың бәрі өле беріпті. Тек әжеден кейін туған Ділдаш пен Айтқазы (інісі мен сіңлі) ғана есінде. Бірақ әжем есін енді біле бастағанда екеуі де қызылшадан қайтыс болған. Сөйтіп, Дина әже бір әулеттен жалғыз тұяқ боп қалған. Дина әже қалай тірі қалды? Соғыс жылдары қазақтар қалай өмір сүрді? Толығырақ эпизодтан тыңдай аласыз.

  • Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды.
  • "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.

Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!

Махаббатпен #маражо

Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін: