OY-DETOX қонағы «Мінбер» ақпараттық агенттігінің жетекшісі, SDU ассистент-профессоры Есенгүл Кәпқызы. Биыл Есенгүл ханым негізін қалаған «Мінбер» өзінің 15 жылдығын атап жатыр. Осы келелі датаға орай, біз Есенгүл ханыммен кездесіп, отандық журналистика, жуырда қабылданған масс-медиа туралы заң, ақылы посттар, "қанды блогерлер" мен журналистік этика туралы сөйлестік. Әлбетте, Мінбердің қызметіне де тоқталуды ұмытпадық.
Эпизодты тыңдап қана қоймай, YouTube және Spotify парақшаларынан көре де аласыздар.
Таймкод: - Есенгүл Кәпқызы кім? - 1990 жылдар, Моңғолиядағы қазақтар, қандастар мәселесі, көші-қон мен азаматтық алу, елдегі проблемалар - Мінбер ұйымы қалай құрылды?, қанша журналист тренинтеріне қатысты және ұйым қандай бастамаларға мұрындық болды? - мемлекеттік тапсырыс, донорлық ұйымдар, журналистикадағы білім сапасы мен отандық журналистиканың жағдайы - Неге 15 жылда "Мінбер" үлкен ұйымға айналмады? - OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? - Есенгүл ағылшын тілін қалай үйренді? - журналистика факультеттерін жабу керек пе? - ақылы посттар, cancel culture және журналистік этика - Мінбердің алдағы 15 жылға жоспары қандай?
Есенгүл Кәпқызы мен Қалима Тәжіқұл «Масс-медиа туралы» Заң нормаларын түсіндіретін вебинарға сілтеме https://www.facebook.com/share/p/tCQzHPyReaHsTGKj/?
Мінбердің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/minber.kz?igsh=bjliNDE5ZGNlc2Vz OY-DETOX-тің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox?igsh=azF0YWU3a3M2MmZy
OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 1. Патрон арқылы, ол үшін арнайы сайт арқылы тіркеліп, $1-дан $20-ға дейін ай сайын қолдау көрсетіп отыра аласыздар. Толық ақпарат - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 2. "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабын сатып алу арқылы - https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/
#zanmedia #mediaqoldau