podcast

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық. Кім кінәлі?

04.12.2023
Listen to the episode on your favorite platforms:
  • Apple Podcasts
  • Yandex Music
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • PlayerFM
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

Бұл эпизодты "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық кампаниясына орай жасағым келіп кетті.

Соңғы жылдары физикалық зорлық-зомбылық туралы көп айтылып, жазылып жүргендіктен біз негізгі акцентті психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылыққа қойғымыз келген. Алайда мамандар да, медиадағы материалдар мен жан түршіктірер статистикалар да бізді еріксіз физикалық зорлық-зомбылық тақырыбына алып келе берді. Zertteu Research қорының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы мемлекет үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу үшін 4,5 млрд теңге жұмсапты. Мамыр айынан бастап қылмыстық кодексте осы мәселе бойынша өзгеріс енгізілді. Бірақ жағдай неге жақсармай жатыр? Мәселе зорлық-зомбылыққа душар болатын әйелдердің өзінде ме немесе қоғамның немқұрайлы көзқарасында ма, әлде заңның әлсіздігінде ме? Осы тақырыпты тарқату үшін әңгімеге мамандарды тарттық. Шығарылым сарапшылары: 1. Шолпан Әйтенова, Zertteu Research қорының құрылтайшысы 2. Әсел Саду, психолог 3. Дилара Иса, журналист
Эпизодтағы мәлімет менің "Тасадағы әйелдер" жобамнан алынды. Егер YouTube-форматта көргіңіз келсе, онда мына сілтемеге өтіңіздер.