Артық салмақ пен семіздік тек эстетикалық мәселе емес, бүкіл ағзаға әсер ететін күрделі медициналық проблема.
OY-DETOX / «Денсаулық» айдарындағы бұл эпизодта эндокринолог Құндыз Темірбекқызы семіздіктің артында қандай қауіптер тұрғанын ашық әрі түсінікті тілмен түсіндіреді.
Эпизодта біз келесі сұрақтарға жауап іздейміз:
– Артық салмақ пен семіздік қашан басталады, айырмашылығы неде?
– Неге Азия елдерінде семіздік ертерек қауіп тудырады?
– Ұйқы, стресс және қазіргі өмір салты гормондарға қалай әсер етеді?
– Балалар мен жасөспірімдерде семіздік неге көбейіп жатыр?
– «10 күндік диета» неге қауіпті?
– Семіздік қандай ауруларға әкелуі мүмкін?
– Алдын алу үшін бүгіннен бастап не істеу керек?
Бұл эпизод арықтау туралы емес, денсаулықты ұзақ мерзімде сақтау туралы әңгіме.
Эпизод таймкоды:
- аңдатпа
- Қазақстан және әлемдегі семіздік статистикасы. Балалар арасындағы үрдіс
- Семіздік қалай анықталады: BMI, бел шеңбері, Азия мен Еуропа критерийлері
- «Бойыңнан салмағыңды алып таста» формуласы — миф пе?
- Артық салмақ пен семіздік айырмашылығы. Неге «аралық кезең» ең қауіпті?
– Стресс, ұйқысыздық, мегаполис әсері және гормоналды бұзылыстар.
– әйелдер мен ерлер семіздігінің айырмашылығы қандай?
- Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік: мектеп, тамақтану, ұйқы, гаджеттер.
- Диетадан диетаға отыру неге зиян?
- ұйқының тереңдігін бақылау қажет пе?
- жаңа босанған аналар диетаға отырған дұрыс па?
- Заманауи дәрілік терапия туралы шынайы әңгіме
- Алдын алу. Қандай қадамдардан бастаймыз?




