podcast

2.1 Қазақстанда Ириновка, Оксаковка ауылдары қалай пайда болды? "Орысөлген" сайында не болған?

26.12.2022
Listen to the episode on your favorite platforms:
  • Apple Podcasts
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

Жаңа жыл, жаңа маусым, жаңа эпизод құтты болсын, құрметті тыңдарман!

2-маусымның алғашқы эпизодында Дина әже орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударуы, Қазақстанда пайда болған жаңа ауылдар және оның Ириновка, Оксаковка, Благодарное, Благодатное аталуы, жергілікті қазақтар мен орыстар арасында пайда болған кикілжіңдер және өзі туып-өскен Қылыш руының адамдары туралы айтады. Әңгіменің жалғасы келесі эпизодта :) Әзірге алғашқы эпизодты тыңдап, бізді әлеуметтік желіде қолдап отырыңыздар. 

Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбекке, журналист Айгерім Амалбек пен Абылайхан Өмірбаевқа жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.

Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!

Махаббатпен #маражо

Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:

E-mail: [email protected] WhatsApp: +77756507327; +905065960569 https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/  https://www.instagram.com/mara_zho/