Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық.
Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық:
• Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?.
• «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай?
• Шаршаған ата-ана феномені: Өзіңізді «жаман ата-анамын» деп кінәлауды қалай тоқтатуға болады? Гаджеттер неге кейде ата-ананың амалсыз көмекшісіне айналады және «арзан дофаминнің» қаупі қандай?
• «Шексіз респаун» философиясы: Баланы қателік жасаудан қорықпауға қалай үйретеміз? Неге нәтиже емес, өмір сүру процесі маңызды?.
• Ажырасу және бала психологиясы: Бұл жаңалықты балаға қалай дұрыс жеткізу керек? «Маңызды ересектердің» бала өміріндегі рөлі қандай?
• Ер балалар тәрбиесі: «Еркектер жыламайды» деген стереотиптің зияны және ұл баланың бойындағы сау агрессия мен батылдықты қалай қалыптастырамыз?
Бұл сұхбат — өз баласын жақсырақ түсінгісі келетін және тәрбиедегі кінә сезімінен арылғысы келетін әрбір ата-анаға арналған терең әрі шынайы әңгіме.
Daniyar: https://www.instagram.com/arenov_daniyar
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
– Тизер
– Қонақта — бала психологы Данияр Аренов
– Гаджеттер мен "арзан дофамин": Телефон беру — ата-ананың өзін-өзі сақтау амалы ретінде
– "Қант пен Алма" метафорасы: Виртуалды әлемдегі әлеуметтік аштықтың зияны.
– Бала – ата-ананың "жобасы" емес: Неге біз бала болашағы үшін 100% жауапты емеспіз?.
– "Піл" және "Бөкен" темпераменті: Баланың жүйке жүйесінің ерекшелігін анықтау.
– Ата-ана рөлінің өзгеруі: Үш жастағы "диктатордан" жасөспірім шақтағы "досқа" дейін.
– Тәрбиедегі тыйымдар: Физикалық және моральдық қысымның (игнор, манипуляция) зияны.
– Сапалы уақыт тапшылығы: 18 жылдың ішінде баламен бірге болатын нақты 5-6 ай.
– "Респаун" (Қайта тірілу) философиясы: Баланы қателік жасаудан қорықпауға және
резилиенске үйрету.
– Ажырасу және бала: Жалғызбасты ата-аналарға қолдау және "маңызды ересектер" рөлі.
– Ажырасу туралы балаға қалай айту керек?: Сказкотерапия және жасөспірімдермен шынайы сөйлесу.
– Эмоционалды интеллект: 120 түрлі сезімді атау және оларды реттей алудың маңызы.
– Мама — "найзағай қайтарғыш": Бала неге тек анасына сезімін жарып, "жарылады"?.
– "Еркектер жыламайды" стереотипі: Көз жасы мен батылдықтың арасындағы байланыс.
– Пілдер мен Бөкендер ғасыры: Қазіргі замандағы эмоционалды тұрақтылық пен күш теңгерімі
Шабыт беретін кинолар
Данияр Аренов неден қорқады?





