Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін.
Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз?
Отбасы — бұл «бизнес-жоба». Иә, естілуі суық шығар, бірақ неге біз бизнеске келісімшарт жазамыз да, өмірлік жарымызбен ашық сөйлесуден, рөлдерді бөлуден қашамыз? Фильмдердегі «мінсіз махаббат» туралы ертегілер бізді қалай алдап келгенін айттық.
Өзіңнің талантыңды тап. Неге бір адамдарға көп сөйлеу оңай, ал екіншілеріне жалғыз отырып ойланған майдай жағады? Өзіңді қинауды қойып, табиғи талантыңды қалай пайдалану керек екенін түсіндік
Қысқасы, өмірдің «бояулары» солғын тартып бара жатса, өзіңді қайта танып, бағытыңды түзеткің келсе, соңына дейін тыңда. Бұл жерде жауап іздеген адамға нақты құралдар бар
Ilyas: https://instagram.com/ilyas_kunpeisov
Narikbi: https://instagram.com/narikbi
Instagram: https://instagram.com/narikbi.live
TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
Тизер
Сахабалардың ерекше таланттары
Қонақта — Ильяс Кунпеисов
Неге Gallup тестін тапсыру маңызды?
Gallup тесті адамды қалай өзгертеді?
Адамдардың жасырын таланттары
Неге істерді кейінге қалдырамыз?
Мәтін арқылы адамдарды қалай көндіреміз?
Интроверт адамды қалай ашуға болады?
Үлкен компаниялардың негізгі проблемалары
Жас мамандардың жұмыс істеу формуласы
Google компаниясының өсу құпиясы
Клиенттердің жиі қоятын сұрақтары
Ерлі-зайыптылар — серіктес бола ала ма?
Коучтардың білім беру схемалары
Бизнес серіктесті қалай дұрыс таңдаймыз?
Ерлі-зайыптылар арасындағы «химия»
Адамдардың құндылықтарын қалай ажыратамыз?
Отбасы құратын адамдарға лайфхактар
БЛИЦ!
Ильястың қорқынышы





