podcast

Грант беретін ұйымдармен жұмыс істеу қауіпті ме?

01.02.2024
Listen to the episode on your favorite platforms:
  • Apple Podcasts
  • Yandex Music
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • PlayerFM
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

OY-DETOX қонағы - Анар Арынова, халықта ФЕЦА атымен танымал ұйымның жобалар менеджері. Біз Анармен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, азаматтық қоғам, "Иноагенттер тізімі" және цифрлық құқық туралы сөйлестік. Сондай-ақ, бүгінде ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) қолдаған жобалар мен жаңа ұйымдарға грант алу мүмкіндіктері туралы сөйлестік. Бірқатар мамандар Қазақстанда азаматтық қоғам тынысы тарылып келеді деген пікірді алға тартады. Осы ретте, петицияларды қабылдаудағы өзгерістер, шетел ұйымдардан грант алатын ұйымдар мен тұлғалардың тізімі, жаңа "Масс-медиа" туралы заң жобасы азаматтық қоғамның жағдайына әсер ете ме деген сұрақ аясында ойлар қамтылды. Таймкод: - аңдатпа - кіріспе және қонақты таныстыру - Үкіметтік емес ұйымда (ҮЕҰ) кімдер жұмыс істейді? - ФЕЦА деген не? - ҮЕҰ қызметі, "иноагент" ұғымы және оның қоғамға әсері - ФЕЦА қандай жобаларға қолдау көрсетеді? - "Сіздің дауысыңыз маңызды" жобасы, цифрлық сауат, саяси шешімдер мен ондағы әйелдер мен жастардың үлес салмағы - петициядағы өзгеріс пен оның қоғамға әсері - шабыт беретін кино, кітаптар мен замандастар - "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабы туралы Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=wHOXsZrTNGo ФЕЦА инстаграмы - https://www.instagram.com/efca_kz/ Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!