podcast

Қалай қоқысты жиһазға айналдырып, бизнес жасауға болады?

14.04.2025
Listen to the episode on your favorite platforms:
  • Apple Podcasts
  • Yandex Music
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • PlayerFM
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

Бүгінгі эпизодта біз пластик қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері мен оларды қайта өңдеу мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғаймыз. Пластик – заманауи тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған материал. Алайда оны тұтынудың артуы экологиялық қауіптерге әкеліп отыр. Осы тұрғыда пластикті қалдық ретінде емес, ресурс ретінде қарастыру – уақыт талабы.

Бүгінгі қонағымыз – пластик қалдықтарын қайта өңдеу және олардан жаңа өнім жасау бағытында жұмыс істейтін Rocket Plastic жобасының негізін қалаушы Данияр Бакимов.

Әңгіме барысында біз Қазақстанда қайта өңдеу мәдениетінің қалыптасу үдерісі, экологиялық стартаптарды дамыту тәжірибесі және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыру жолдары туралы айтамыз.

Rocket Plastic жобасы туралы толығырақ - https://www.instagram.com/rocketplastic/

Precious Plastic туралы - https://www.preciousplastic.com/

Бұл материал шешім журналистикасы жанрында Solutions Journalism Lab II жобасы аясында дайындалған және автордың жеке көзқарасын білдіреді.

Сондай-ақ, экология тақырыбы бойынша Пакизат Сайлаубекпен болған эпизодты көріп, тыңдауға шақырамыз - https://youtu.be/rngOySPsNHQ?si=UZxkMY-sK-QRDVn4

email
Auto light/dark, in dark modeAuto light/dark, in light modeDark modeLight mode

© 2020–2025 PC.ST

Developed by — Pavel Kozlov

Design by — Bonkers!

Қалай қоқысты жиһазға айналдырып, бизнес жасауға болады?
00:30:43